Бүгінгі посттың кейіпкері — біздің тұрақты донорымыз Петров Владимир Николаевич.
Ол өзінің донорлық жолын студент кезінен бастаған және бүгінгі күнге дейін қан тапсыруды жалғастырып келеді. Владимир Николаевичта сирек кездесетін үшінші теріс қан тобы, сондықтан оның көмегі ерекше құнды. Ол үнемі донорлық акцияларға қатысады, қан қорын толықтыруға көмектеседі. Бүгінде оның есебінде 40-тан астам қан донациясы бар және осы игі істі ары қарай жалғастыруға ниеттеніп отыр.
Осы жылдың маусым айында Владимир Николаевич Абай облысының әкімінен облыста ерікті және өтеусіз қан донорлығын дамытуға белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Владимир Николаевичке адамдарға көмектескені үшін көп рахмет! Сізге және сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, қуаныш пен бақыт, жұмыста табыс, отбасында амандық тілейміз!