Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

"Біздің донорлар" айдарын жалғастырамыз. Ерлі- зайыптылар- Даулет Гыйлымматұлы Каримов және Балжан Асхатқызы Каримова -біздің тұрақты донорларымыз.

Дәулет Гыйлымматұлы 2011 жылдан бастап өз еркімен қан және оның компоненттерін тапсырып келеді, бүгінге дейін 22 мәрте қан тапсырған, оның ішінде 7 рет — аппараттық тромбоцитаферез, 15 рет — қан донациясы.
«Мен 18 жасымнан бастап қан тапсырамын. Басында қызық болғандықтан қан тапсыра бастадым, уақыт өте келе бұл менің өмірімнің ажырамас бір бөлігіне, әдетіне айналды. Маған адамдарға көмектескенім ұнайды. Қазір мен үнемі қан тапсырамын. Сондай-ақ қан тапсыруға жұбайымды, достарымды және таныстарымды шақырдым. Донор болған еш ауырсынусыз, қорқынышты емес және қан тапсырғаннан кейін мен өзімді әрқашан керемет сезінемін», — дейді Дәулет Гыйлымматұлы.
Балжан Асхатқызы күйеуінің нұсқауымен 2022 жылдан бастап қан тапсырады, қазір оның есебінде 4 мәрте қан донациясы бар. Оған қан тапсырған ұнайды және болашақта адамдарға көмектесуді жалғастыруды жоспарлап отыр.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» Дәулет Гыйлымматұлы мен Балжан Асхатқызына өтеусіз ерікті донорлықты қолдағандары үшін, қан құюға мұқтаж науқастарға көрсеткен қамқорлықтарымен көмектері үшін, сондай-ақ адамдарға жақсы үлгі көрсеткендері үшін зор алғысын білдіреді! Сіздерге зор денсаулық, сәттілік, ұзақ өмір және отбасылық бақыт тілейміз!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика