Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

"Біздің қызметкерлер"айдарын жалғастырамыз.

Бүгінгі пост функционалдық қамтамасыздандыру бөлімінің медбикесі- Ахметова Алмагүл Қасымханқызына арналған.
Алмагүл Қасымханқызы 1986 жылы
Талдықорған медициналық училищесін «Медбике»мамандығы бойынша бітірген. Ол кісінің жалпы медициналық жұмыс өтілі-32 жыл, ал қан орталығындағы жұмыс өтілі-18 жылды құрайды.
Медициналық училищені бітіргеннен кейін Семей қаласының №4 студенттік емханасында учаскелік медбике болып жұмыс істеді.
2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей қаласының қан орталығында функционалдық қамтамасыздандыру бөлімінің медбикесі лауазымында жұмыс істейді. Жоғары біліктілік санаты бар.
Алмагүл Қасымханқызы лауазымдық міндеттерін сапалы және уақтылы орындайды, әріптестерімен тәжірибесімен, білімімен және дағдыларымен үнемі бөлісіп отырады.
Жұмыс барысында өзін тәртіпті, атқарушы, сауатты қызметкер ретінде көрсетті және бірнеше грамоталармен марапатталды. Жұмыстан басқа, ол Қан орталығының қоғамдық өміріне де белсене қатысады.

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика