Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

ДОНОРЛЫҚ ЖӘНЕ ВАКЦИНАЦИЯ

Вакцинация жұқпалы аурулардың алдын-алудың ең дұрыс шарасы болып табылады.
Көбінесе вакцинациялау кезінде өлі немесе әлсіреген ауру қоздырғыштары (вирустар немесе бактериялар) енгізіледі. Бұл адам ағзасында иммунит пайда болуына және осындай ауруларға тиімді түрде қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Вакцинациядан кейін бірден қан тапсыру ұсынылмайды, өйткені бұл иммунитеттің қалыптасуына кедергі келтіруі және донордың тексеру нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің “Донорларды медициналық куәландыруға, медициналық қолдануға арналған қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы” 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-113/2020 бұйрығына сәйкес вакцинаның түріне байланысты уақытша медициналық рәсімдерден шеттету мерзімдері бар:
4 аптаға-тірі вакциналармен егу (бруцеллез, оба, туляремия, туберкулез, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, іш сүзегіне қарсы әлсіреген тірі вакцина, тырысқаққа, полиомиелит және басқаларға қарсы әлсіреген тірі вакцина);
2 аптаға-өлі вакциналармен егу (гепатит В, көкжөтел, паратифтер, тұмау, анатоксиндер, сіреспе, дифтерия және басқалар);
2 аптаға — рекомбинантты вакциналармен егу (коронавирустық инфекция);
2 аптаға-манту реакциясы (инъекция орнында айқын қабыну құбылыстары болмаған кезде);
Инфекция көзімен байланысқаннан кейін 1 жыл- құтырмаға қарсы, кене энцефалитіне қарсы вакцинация.
Егер сіз екпе алмаған болсаңыз, басқада қарсы көрсеткіштер болмаса, онда донор болуға болады.
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика