«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

Өмірге үміт сыйла-гемопоэтикалық дің жасушаларының доноры бол!

2024 жылдың 3-4 маусым аралығында бекітілген кестеге сәйкес Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК – да "Өмірге үміт сыйла-гемопоэтикалық дің жасушаларының доноры бол!» акциясы өтті.
Қатерлі ісік және гематологиялық аурулары бар көптеген науқастар үшін өмірді сақтаудың жалғыз мүмкіндігі-гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау болып табылады. Бұл процедура қатерлі ісік, лейкемия, лимфома және басқа да осындай аурулармен ауыратын балалар мен ересектердің өмірін сақтап қалу мүмкіндігіне ие.
Акция барысында гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының Тіркеліміне 20 адам кірді.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК болашақта өзінің генетикалық егізінің өмірін сақтап қалу үшін ДНҚ-ны анықтау үшін бей-жай қалмай аздап қан тапсырған донорлардың әрқайсысына алғыс айтады! Құрметті донорлар! Біз сіздермен мақтанамыз! Сіздердің әрқайсыларыңыз батырсыздар! 
#Абайоблысықанорталығы#гдждонорлығы






Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика