Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Мен тромбоциттер донорымын

Бүгінгі “Мен тромбоциттер донорымын” айдарында- Фазылов Сымбат Фазылұлы.
Сымбат Фазылұлы тұрақты донор болып табылады, ол сирек кездесетін бірінші теріс қан тобының иесі, ол толық қанмен қоса, тромбоциттерінде береді.
Ағасы Сымбат Фазылұлын 19 жасында қан тапсыруға алып келген. Содан бері біздің донорымыз 10 мәрте қан тапсырды. Оның ішінде 3 рет ол аппараттық тромбоцитаферезге келді, ал 7 рет толық қан тапсырған. Сымбат Фазылұлы донорлық акцияларға белсенді қатысады және тоқтаудың қажеті жоқ деп санайды. Болашақта біздің донор осы өмірде қанға мұқтаж адамдарға қан тапсыруды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Абай облысы ДСБ “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК ұжымы Сымбат Фазылұлына біздің донорымыз болғаныңыз үшін алғыс білдіреді. Бұл баға жетпес! Сізге зор денсаулық, бақыт, табыс және амандық тілейміз! Рақмет, донор! 
#Абайоблысықан орталығы
#рақмет донор

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика