“Біздің донорлар” айдарында бүгін Тілеуғабылов Ермек Аманжолұлы.
Бұл адам 2017 жылдан бері қан тапсырып келеді. Қазіргі уақытта Ермек Аманжолұлының есебінде 22 мәрте тапсырған қан донациясы бар. Донор болу оны жақсылық жасауға және адам өміріне араша түсуге деген ниетін оятты.
Ермек Аманжолұлы әр 3-4 ай сайын қан тапсырып тұрады, және бұл оның денсаулығына әрі қанға мұқтаж науқастардың денсаулығына өте пайдалы деп санайды.
Ермек Аманжолұлы, Абай облысы ДСБ “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК Сізге алғыс білдіре отырып, өзіңіздің игі мақсатыңызды жалғастыруыңызды, бақытты болуыңызды тілейді! Басқалар үшін жасаған жақсылығыңыз еселеп оралсын!
#Абайоблысықанорталығы
#рақметдонор