Бүгін “Біздің донорлар” айдарында Мұқатаев Марат Вахитұлы және оның ұлы – Марат Аль-Амир.
Марат Вахитұлы алғаш рет 1982 жылы әскерде қызмет еткен кезде қан доноры болған. Қазір ол Абай облысының Облыстық қан орталығының доноры. Қазір Марат Вахитұлының есебінде 15 мәрте тапсырған қан донациясы бар. Ол салауатты өмір салтын ұстанады, спортпен шұғылданады. Марат Вахитұлы өзінің салауатты өмір салтын ұстануымен ұлы Марат Аль-Амирді донорлыққа қатысуға қызығушылығын оятты.
Марат Аль-Амир алғаш рет донорлыққа әкесінің ізімен 2022 жылы 18 жасқа толған кезінде келді. Донорлық науқандарға қатысқан екі жыл ішінде ол 9 рет қан тапсырған.
Әкесі мен баласы қан тапсыруды өздеріне және басқаларға пайдалы деп санайды және барлығына қан тапсыруға кеңес береді.
Абай облысының “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК Сіздерге, Марат Вахитұлы және Марат Аль-Амирге адам өмірін сақтап қалуға қосқан баға жетпес үлестері үшін және айналасына үлгі бола білгендері үшін алғыс білдіреді! Қан донорлығына қатысқандарыңыз үшін шын жүректен қуаныштымыз. Бақыт, амандық және денсаулық тілеген жылы лебізімізді қабыл алыңыздар! Рақмет!