Теріге шыққан бөртпелер — тұқым қуалайтын, сондай-ақ, жүре пайда болған әртүрлі ауруларды көрсетуі мүмкін.
“Донорларды медициналық куәландыруға, медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы ҚР ДСМ-113/2020 бұйрығына сәйкес тері ауруларының кейбіреуі донорлықтан тұрақты түрде алып тастауға себеп болуы мүмкін:
— псориаз;
— эритродермия;
— қышыма (экзема);
-пиодермия;
— сикоз;
-күлдіреуік (пемфигус);
-дерматофиттер;
— терең микоздар;
— витилиго.
Басқа жағдайларда, бөртпелер жедел түрде қандай да бір аурудың болуын көрсетуі мүмкін, бұл терідегі өзгеріске байланысты донорды қан тапсырудан уақытша шеттетуге себеп болады.
Медициналық куәландыру барысында дәрігер-терапевт донорға егжей-тегжейлі сауалнама жүргізеді және оның терісін тексереді.
Тері бөртпелері анықталған кезде донорға олардың пайда болу себептерін анықтау үшін арнайы маманға жүгінуге ұсыныс жасауы мүмкін.
Әрбір нақты жағдайда қан донациясынан шеттетудің уақытша немесе тұрақты себептері туралы донормен түсіндірме әңгіме жүргізіледі.
#қандонорлығытуралы
#теріаурулары