Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

#100qadam


1. Жыл сайын Қазақстан Республикасында орта есеппен 300 пациентке лейкемия және басқа да қан аурулары диагнозы қойылады. Ауыр ауруды жеңу үшін сүйек кемігін трансплантациялау қажет. Егер бастапқыда туысқан донор жоқ екені белгілі болса немесе туыстарының ешқайсысы сәйкес келмесе – туыс емес донорды іздеу басталады. Оны табу мүмкіндігі 10 000 — нан 1-ге тең, өйткені донор мен науқас “Генетикалық егіздер”болуы керек.
2. Мүмкін сіз сүйек кемігін трансплантациялауды қажет ететін науқастың “Генетикалық егізінің” сыңары шығарсыз.
3. Сүйек кемігін беру қауіпсіз және донордың денсаулығына зиян тигізбейді. Жасушалардың бір бөлігінің жоғалуы донордың ағзасында сезілмейді және олардың саны 2-4 аптада толығымен қалпына келеді.
4. Жасушаларды алу көбінесе тамырдан алынған қан арқылы жүзеге асырылады. Процедура қан компоненттерінің әдеттегі донациясына ұқсайды.
5. Науқастар үшін донордан сүйек кемігін трансплантациялау-өмір сүрудің жалғыз мүмкіндігі.
6. Көптеген отбасылар жақындарын құтқару үшін Сіз сияқты бейтаныс адамдардың көмегіне үміттенеді.
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2025 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика