Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Бүгін “Біздің қызметкерлер” айдарында - Абай облысы “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК өнім жіберу тобының аға медбикесі Елена Евгеньевна Сидоркина.




2004 жылы Елена Евгеньевна Д.Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжін “Акушерлік іс” мамандығы бойынша үздік бітірді, ал 2021 жылы Семей қаласының “Авиценна” жоғары медициналық колледжін “Медбике ісі”мамандығы бойынша оқып бітірді.
Елена Евгеньевна тәжірибелі қызметкер, оның жалпы медициналық жұмыс өтілі 20 жылды құрайды, оның ішінде қан орталығындағы жұмыс өтілі 9 жыл.
Елена Евгеньевна өзінің еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қызыл жарты ай қоғамдық бірлестігінің Семей аумақтық филиалында патронаждық медбике болып бастады. 2015 жылдан бастап Семей қаласының қан орталығына функционалдық қамтамасыз ету бөлімінің автоклав медбикесі лауазымына жұмысқа қабылданды. 2017 жылы Елена Евгеньевна өнім жіберу медбикесі қызметіне ауыстырылды.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Елена Евгеньевна өнім жіберу тобының аға медбикесі қызметін атқарады.
Елена Евгеньевна өте жауапты, ұқыпты, сауатты маман. Ол өз ісінің маманы.
E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2025 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика