Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК «Біздің донорлар» айдарын жалғастырады. Айдарымыздың бүгінгі күнгі кейіпкері, қан мен тромбоциттерінің тұрақты доноры — Ирина Георгиевна Маслова.
Ирина Георгиевна 10 жыл бойы қан тапсырып келеді. Ол алғаш рет ауруханаға түскен әріптесінің туысына қан құю қажет болған кезде қан орталығына келген болатын. Ирина Георгиевна донор болу туралы өтінішке еш күмәнсіз келісті және қан тапсыру арқылы адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесу мүмкіндігі бар екенін түсінді. Қазір оның есебінде 27 мәрте тапсырған қан донациясы бар, оның ішінде 21 — толық қан донациясы және 6 — тромбоциттер донациясы. Ирина Георгиевна донор болу — риясыз шын ниет, сонымен қатар денсаулыққа пайдалы рәсім деп санайды. Ол дені сау барлық жастарға шетте қалмай, қан құюға мұқтаж адамдарға көмектесуге кеңес береді.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК қанға мұқтаж жандардың өмірлеріне қан компоненттері қажет болған кездерде қан беруге үнемі келіскені үшін Ирина Георгиевнаға алғыс білдіреді. Сіздің мейірімділігіңіз басқаларға үлгі болсын! Сізге бақыт, зор денсаулық, табыс және амандық тілейміз!