Бүгін «Біздің қызметкерлер» айдарында — сапа бақылау бөлімінің фельдшер-зертханашысы Гүлнар Қайсақызы Нығызбаева.
Гүлнар Қайсақызы 1983 жылы Семей медициналық училищесін «Медбике» мамандығы бойынша бітірген. 1986 жылы «Фельдшер-зертханашы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.
Оның жалпы медициналық жұмыс өтілі — 41 жыл, ал қан орталығындағы жұмыс өтілі — 10 жылды құрайды.
Гүлнар Қайсақызы өзінің еңбек жолын 1983 жылы Семей қаласының «Березка» шипажайында медбике қызметінен бастады.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей қаласының қан орталығында сапа бақылау бөлімінің фельдшер-зертханашы лауазымында жұмыс істейді.
Гүлнар Қайсақызы — көп жылдық жұмыс өтілі бар жауапты және білікті маман. Ол жоғары біліктілік санатына ие және әрдайым жас мамандармен тәжірибесін бөлісуге дайын. Жұмыс барысында бірнеше грамоталармен марапатталды. Гүлнар Қайсақызы еңбегіңіз үшін рақмет!