Тельнова Надежда Александровна, біздің қан және оның компоненттерінің тұрақты доноры. Надежда Александровна 2018 жылдан бастап қан мен оның компоненттерін тапсырып келеді. Сол кездері онкологиялық аурумен ауыратын таныс адамына қан қажет болған еді. Надежда Александровна қанға мұқтаж адамға сөзсіз өз көмегін көрсеткен.
Оның есебінде 19 қан донациясы бар, оның ішінде 18 толық қан донациясы және 1 тромбоциттер донациясы. Ол сирек кездесетін қан топтарының бірі — III Rh- қан тобының иесі.
Надежда Александровна өмірді құтқаруға көмектесу үшін әрқашан өзінің бір бөлшегімен бөлісуге дайын. Болашақта ол осымен тоқтап қалғысы келмейді және қанға мұқтаж адамдар үшін қан тапсыруды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Надежда Александровна, науқастарға көреткен көмегіңіз және қан тапсырғаныңыз үшін Абай облысы ДСБ
«Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК Сізге үлкен алғыс білдіреді. Сізге денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!