2024 жылғы 8 қазан мен 9 қазан аралығында Астанада «Еңбек эволюциясы: климат, құзыреттер, кодекс» атты жұмысшы мамандықтарының халықаралық жастар форумы өтті, оған Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы»атынан бір қызметкерге қатысу бақыты бұйырды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен «KELESHEK CAMP» жастар лагері форматында өткен форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен түрлі мамандық иелері қатысты.
Жастар лагері тез өзгеріп жатқан әлемде жас жұмысшылар жұмысының болашағын талқылайтын орынға айналды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин өзінің құттықтау сөзінде жаһандық өзгерістер жағдайында жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын және еліміздің дамуы үшін жоғары білікті кадрлардың қажеттілігін атап өтті. «Мемлекет басшысының 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы – бұл маңызды қадам, еңбек адамы-ел өркендеуінің негізі екендігінің белгісі. Ал еңбек адамын нақты қолдау оның пайдалы еңбегін құрметтеу мен танудан басталады», — деп толықтырды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
Форум қонақтардың көрнекті сөз сөйлеуімен жалғасын тауып, мазмұнды бағдарламамен аяқталды, онда жас қызметкерлер достық ынтымақтастық жағдайында алау айналасында ән шырқап, шығармашылық байқауларға қатысты.