Пресс-релиз
Семей қаласының қан орталығы Семей қаласының халқы мен Семей өңірі халқына қоса 20 медициналық ұйымдарды келісім-шарт бойынша қан және оның компоненттерімен, препараттарымен жасақтайды, сонымен қатар трансфузиялық құралдарды жеткізу және зертханалық қызметтерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетуді қамтамасыз етеді.
Семей қаласының қан орталығы Қазақстан Республикасы қан қызметінің бірыңғай жүйесінің буыны болып табылады және өзінің ұйымдастырушылық-әдістемелік және өндірістік қызметінде қолданыстағы заңнаманы, бұйрықтарды және нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
Қызмет көрсетілетін тұрғындар саны : 686 мың оның ішінде: Семей қ- 325 200 және облыстың 6 өңірі тұрғындарымен – 358 000.
- Бородулиха, Бесқарағай, Абай ,Абыралы , Жарма (Шар), Курчатов қ.
Жыл сайын қан орталығында 10 000 мыңнан аса донор (қан тапсырушының) қаны зерттеліп даярланауы арқасында аталған тізбектемеге сәйкес медициналық ұйымдардың қажеттіліктері қанағаттандырылады.
Негізі біздің қызметтегі мақсатымыз Семей өңірінің емделушілеріне (пациент) инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіз қан құрамын өндіру болып табылады.
Біз,ұсынылған өтінімдерге сәйкес, трансфузиялық орта бойынша медициналық ұйымдарға толығымен қажеттілікті қамтамасыз етеміз. Қан компоненттері мен препараттарын дайындау жұмысына жүйелі түрде ғылыми ұйымдар мен озық тәжірибе қызметтерін ендіреміз. Қан мен оның компоненттерін сақтау және өңдеу консервілеу әдісін жетілдіреміз, карантинделген тоңазытылған плазмада лейкофильтрленген компоненттер бөлігін арттырамыз.
Қан орталығында биологиялық толымдылықтың белгіленген стандарттарына сәйкес келетін өндірілетін өнімнің сапасын бақылау жүйесі әзірленген.
Семей қаласының қан орталығы Астана қаласындағы ТҒӨО (трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы) және Алматы қаласындағы Республикалық қан орталығымен өзара белсенді қарым-қатынаста. Біздің ынтымақтастығымыздың мақсаты: қан қызметін белсенді атқарылуына қазіргі заманғы заманауи технологияларды енгізу, белгіленген стандартқа сәйкес біртұтас жүйеде сапа бақылауын және де қан орталығы мамандарының біліктілігін арттыру болып табылады.
Соңғы жылдары қан орталығында қазіргі заманғы жоғарымамандандырылған құрал-жабдықтар сатып алынған,олар жабық типті донор қанынына аферезді тромбоциттер, және бір мезгілде екі кезеңдік іріктелген тексерілген плазмалар дайындау үшін:
- AMICUS қан жасушалары сепараторы. АҚШ өнімі;
- ИХЛА, ПТР
- Автоматты гематологиялық анализатор Micro 20 CC Plus-АҚШ өнімі High Technology inc компаниясы;
Қан қызметін маңызды бағыттарының бірі 2011-2015 жылғы ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген 12.09.2011 ж. №614 тұжырымдамасы бойынша ерікті өтеусіз донорлықты дамыту болып табылады.Семей қаласының қан орталығы халықтың көп бөлігін өтеусіз донорлыққа тарта отырып, тұрақты түрде іс-шаралар (акциялар, донор күндері, дөңгелек үстелдер) өткізеді.
Жыл сайын 14 маусымда Семей қаласының қан орталығы бүкіл әлемдегі ерікті ақысыз донорларға жәрдемдесу мақсатында донор күнін өткізуге қатысады. Біздің қызметіміз тұрғындар санын 1000 донациялауға дейін жеткізу, ерікті донорлардың санын арттыру жолымен донорлық ресурстардың қауіпсіздігі мен жеткіліктілігін жақсартуға бағытталған.
- Халықты, банктік қанды тұрақты толықтыру,донорлық қан мен оның компоненттерін басқару ресурстарында ұтымды жетістіктерге жету
- Заманауи технологияларды қолдана отырып өнім сапасы менеджменті жүйесін жетілдіру және тиімді басқару.
- Қан донорларының бірыңғай ақпараттық орталығы болуына"инфо-донор", "инфо-блуд", "инфо-грантум" бағдарласын енгізу.
- Біздің өніміміздің инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігі мақсатында мұздатылған плазма өндірісіне вирусинактивациялау әдісін енгізу.
- Біздің негізгі басты мақсатымыз,өндірілетін өнім сапасын арттырып, өз пациенттеріміз және донорлар мен клиенттеріміздің қанағаттанушылықтары мен қауіпсіздіктерін сақтауға міндеттіміз деп санаймыз.
Қан орталығы үнемі жаңа технологиялар мен жүйелі тәсілдерді енгізу арқасында сеніммен алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қарай бет алуда.