Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Қан орталығы

Пресс-релиз

Абай облысының облыстық қан орталығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде трансфузиялық  құралдарды жеткізуге және зертханалық қызметтер көрсетуге шарт жасалған 20 медициналық ұйымды қоса алғанда, Семей қаласы мен Семей өңірінің халқын қан компоненттерімен және препараттарымен қамтамасыз етеді. Облыстық қан орталығы Қазақстан Республикасының бірыңғай қан қызметі жүйесінің буыны болып табылады және өзінің ұйымдастырушылық-әдістемелік және өндірістік қызметінде қолданыстағы заңнаманы, бұйрықтар мен нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

Қызмет көрсетілетін халықтың саны: 638,3 мыңды құрайды, оның ішінде: Семей қаласы бойынша -328,7 мың облыс  халқы және  11 ауданнан  — 309,6 мың адамды құрайды.

- Бородулиха, Бесқарағай , Абай, Жарма (Қалбатау, Шар), Курчатов қ., Көкпекті, Ақсуат, Үржар (Үржар, Мақаншы), Аягөз.

Жыл сайын қан орталығында 10 000 мыңнан астам донор қаны тексеріліп  дайындалады, сонымен қатар, атаулар тізбесіне сәйкес медициналық ұйымдардың қажеттілігіне сай  қанағаттандырылады.

Біздің негізгі қызметіміз -Абай облысының МҰ пациенттері үшін қан компоненттерін өндірудегі инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздікті сақтау.

Біз берілген өтінімдерге сәйкес медициналық ұйымдардың трансфузиялық ортаға қажеттілігін толық қамтамасыз етеміз. Қан компоненттері мен препараттарын дайындау бойынша жүйелі түрде ғылыми ұйыммен озық жұмыс тәжірибесін енгізіп отырамыз. Біз қанды және оның компоненттерін консервілеу, өңдеу және сақтау әдісін жетілдіреміз, лейкофильтрленген компоненттердің, карантинделген, вируспен белсендірілген жаңа мұздатылған плазманың үлесін арттырамыз.

Қан орталығында белгіленген толықтай биологиялық  стандартына  сәйкес өндірілетін өнімнің сапасын бақылаудың әзірленген жүйесі бар.

Абай облысының облыстық қан орталығы Астана қ. (Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы) және Алматы қ. Республикалық қан орталығымен өзара белсенді араласып  ынтымақтастық қатынасты сақтайды . Біздің ынтымақтастығымыздың басты мақсаты- сапа  бақылау қызметінің кіріктірілген жүйесіне  заманауи технологияларды еңгізу, қан қызметінің функционалдық белсенділігін арттыру, белгіленген стандарттарды енгізу, сондай-ақ қан орталығы мамандарының біліктілігін арттыру болып табылады.

Соңғы жылдары қан орталығы аферезді тромбоциттер мен плазмаларды дайындауға және жабық типтегі донорлық қанның екі сатылы скринингіне арналған заманауи, жоғары мамандандырылған жабдықты сатып алды:

- Amicus қан жасушаларының сепараторы, АҚШ өндірген;

- Amicor қан жасушаларының сепараторы, АҚШ өндірген;

- Trima қан жасушаларының сепараторы, Жапония өндірген;

— ИХЛА, ПТР

- Micro 20 CC Plus Автоматты гематологиялық анализаторы, АҚШ шығарған, High Technology, inc;

ORTO VISION қан үлгілерін иммуногематологиялық тестілеуді автоматтандыруға арналған анализатор , Ұлыбритания өндірген,

Маңызды бағыттардың бірі ерікті өтеусіз донорлықты дамыту болып табылады. Қан орталығы халықтың көп бөлігін өтеусіз донорлыққа тарта отырып, іс-шараларды (акциялар, донор күндері, дөңгелек үстелдер) үнемі өткізеді.

Жыл сайын 14 маусымда қан орталығы бүкіл әлемде ерікті өтеусіз қан донорлығына жәрдемдесу мақсатында Дүниежүзілік донор күнін өткізуге қатысады. Біздің қызметіміз- 1000 тұрғынға донациялар санын ұлғайтуға, және де  қауіпсіз,  ерікті қан донорларының санын ұлғайту арқылы донорлық ресурстардың қауіпсіздігі мен жеткіліктілігін жақсартуға бағытталған.

* Заманауи технологияларды қолдана отырып, өнім сапасын басқару жүйесін жетілдіру және тиімді басқару.

* Біз «Инфо-блуд», «Инфо-грантум» бағдарламаларын енгізе отырып, қан донорларының бірыңғай ақпараттық орталығын енгізуге ұмтыламыз.

* Біз өзіміздің негізгі міндеттеріміздің бірі, өндірілетін өнімнің сапасын арттыру және пациенттеріміздің, донорларымыздың  клиенттеріміздің қауіпсіздігіне  деген сенімділігімізді сақтау.

Қан орталығы жаңа технологияларды үнемі енгізудің және кәсіпорынды дамытудың жүйелі тәсілінің арқасында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сенімді түрде көшуде.

 

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика