Медициналық ұйымның аккредиттелуі-бұл ұлттық сапа стандарттарына сәйкес негізделген денсаулық сақтау жүйесінде бірыңғай стандарттарды сақтай отырып, сапалы, уақтылы, қолжетімді медициналық көмек көрсету шарттарының сақталуын ресми мойындау.
Қазақстанда медициналық ұйымдарды аккредиттеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бірыңғай сапа стандарттарын бекіткен.
Медициналық мекемеде аккредиттеуден өткендігі туралы сертификаттың болуы қызмет көрсету сапасының жоғары стандартын көрсетеді.
Бүгін біз 2023 жылдың қазан айында Абай облысының ДСБ "Облыстық қан орталығы" аккредиттеуден сәтті өтіп, 1 санатты алып, ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкес деп танылғанын мақтанышпен хабарлаймыз. Бұл денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде бірыңғай сапа стандарттарын сақтай отырып, сапалы, уақтылы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуге деген ұмтылысымыз бен қабілетімізді растайды.
Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығының" әрбір қызметкерін аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз. Бұл біздің донорларымыздың жалпы игілігі байланысты лайықты жеңісіміз. Бәрімізге жаңа жеңістер, нық сенім және маңызы зор жұмысымыздың ары қарай жетістікке жете беруін тілейміз!