2024 жылдың 29 қарашасында Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК ерікті донорлықты дамыту шеңберінде «Семей медициналық колледжі» мекемесінің студенттері үшін семинар өткізді. Семинарды трансфузиолог дәрігері Огнёва Валентина Владимировна мен терапевт дәрігері Турарова Сауле Курмангалиевна жүргізді.
Семинар барысында студенттер қан донорлығы мен гемоэпотикалық дің жасушаларының донорлығы негіздерімен таныстырылды. Дәрігерлер әрбір донордың қан құюға мұқтаж адамдардың өмірін құтқаруға қалай қатыса алатынын айтып өтті. Семинарда донор болу түрлері, қан топтары, донорлардың құқықтары мен міндеттері, олар үшін ҚР «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» Кодексінде бекітілген кепілдіктер туралы ақпарат берілді. Студенттер гемоэпотикалық дің жасушаларды жинау рәсімі мен оның реципиенттер үшін маңыздылығын білді.
Ерікті донорлықты дамыту жоспары аясында өткізілетін семинарлар тыңдаушыларда донорлыққа бейжай қарамау, қан мен жасушаларды жинау рәсімдерін дұрыс түсіну, донорлыққа жауапты қатынас пен өз денсаулығына құрметпен қарауды қалыптастырады.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК «Семей медициналық колледжі» мекемесінің басшылығына семинар өткізуге мүмкіндік бергені үшін және тыңдаушыларға уақыттарын бөліп, ақпаратты мұқият қабылдағаны үшін алғыс білдіреді. Егер сіз біздің донорлардың қатарын толықтырсаңыз, біз қуанамыз! Өмірлерді бірге сақтайық!