Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

2024 жылғы 13 желтоқсанда Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті.

2024 жылғы 13 желтоқсанда Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті.
Мереке дәстүрлі түрде мемлекеттік әнұранның орындалуымен ашылды.
Шара барысында Қан орталығының қызметкерлері еліміздің Тәуелсіздікке жету жолында маңызды оқиғаларды еске алды. Сонымен қатар сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, өз отандары туралы білімдерін көрсетті.
Шараның соңында кәсіподақ комитетінің төрайымы Юнкер Алиса Валерьевна Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы "SENIM" республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан қан орталығының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Алғыс хаттар: қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің меңгерушісі- Петрий Елена Сергеевнаға, трансфузиолог дәрігер- Огнёва Валентина Владимировнаға, мемлекеттік тіл дамыту жөніндегі маман- Турсынова Элеонора Толегеновнаға және іс қағаздарын жүргізушісі- Сигаева Кымбат Мырзагалиевнаға табыс етілді.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен барша азаматтарды құттықтайды! Сіздерге денсаулық, табыс және бақыт тілейміз, ал елімізге үнемі даму, гүлдену және өркендеуін тілейміз!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2025 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика