СҮЙЕК КЕМІГІН ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАУ – бұл тіркелімдегі лайықты донордан гемопоэтикалық дің жасушаларын (ГДЖ) алу және ары қарай донорлық жасушаларды науқасқа енгізу процесі.
СҮЙЕК КЕМІГІНІҢ ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫНА ТӨМЕНДЕГІ ДИАГНОЗДАРМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАР МҰҚТАЖ:
- қанның қатерлі ісігі (лейкемия мен лимфомалар);
- ауыр қан аурулары (талассемия, апластикалық анемия);
- иммунды тапшылық жағдайлары (ауыр аралас иммунды тапшылық синдромы, туа біткен нейтропения).
ГЕМОПОЭТИКАЛЫҚ ДІҢ ЖАСУШАЛАРЫН (ГДЖ) донордан алу шынтақ тамыры арқылы қан тапсыру жолымен жүзеге асырылады. Медициналық дәрімен стимуляциялау жүргізіледі, ол ГДЖ-ны сүйек кемігінен қанға шығаруға көмектеседі, содан кейін олар автоматты қан сепараторы арқылы (4-5 сағат ішінде) жиналады.
ЕҢ ЖИІ ҚАТЕЛІКТЕРДІҢ БІРІ – ЖАСУШАЛАР ОМЫРТҚАДАН АЛЫНБАЙДЫ!
ДІҢ ЖАСУШАЛАРЫ ТАМЫР АРҚЫЛЫ, ӘДЕТТЕГІ ҚАН ТАПСЫРУҒА ҰҚСАС ӘДІСПЕН АЛЫНАДЫ!
БҰЛ ДОНОР ҮШІН ТОЛЫҚТАЙ ҚАУІПСІЗ!
ҚАЛПЫНА КЕЛУ КЕЗЕҢІ 14 КҮН.
КІМ ДОНОР БОЛА АЛАДЫ?
- Кез келген дені сау адам сүйек кемігінің доноры бола алады;
- 18 бен 45 жас аралығында, салмағы 50 кг-нан жоғары;
- ауыр дертке шалдықпағандар.
ТІРКЕЛІМГЕ ҚАЛАЙ КІРУГЕ БОЛАДЫ?
- Облыстық қан орталығына (Семей қ., Сеченова көшесі, 4/3) бару қажет;
- Сауалнаманы толтырып, ақпараттандырылған келісімге қол қою;
- Типтеу талдауы үшін 1 пробирка (6-9 мл) қан тапсыру қажет.