Бүгінгі «Біздің қызметкерлер» айдарында — Абай облысының қан орталығында инфекцияларды диагностикалау зертханасының дәрігері- Юнкер Алиса Валерьевна.
Алиса Валерьевна 2018 жылы Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университетін терапия мамандығы бойынша бітірді. Ол өзінің еңбек жолын Абай облыстық қан орталығында донорлық кадрларды жинақтау бөлімінде терапевт дәрігер болып бастады. Бұл қызметте жүріп, Алиса Валерьевна донорларды қабылдауды, медициналық куәландыруды жүргізуді, сондай-ақ, потенциалды донорларды Гемопоэтикалық дің жасушалары ұлттық тіркеліміне тартуды белсенді түрде жүзеге асырды. Тіркелімді қалыптастырудағы жетістіктері үшін ол алғыс хатпен марапатталды.
Абай облыстық қан орталығында жұмыс істей отырып, Алиса Валерьевна жаңа әрі қызықты бағытты – қанның гемотрансмиссивті инфекцияларға тексеруін таңдады. 2019 жылы ол зертханашы- дәрігер біліктілігін алды және 2022 жылдың қаңтарынан бастап зертханада жаңа лауазымда қызмет атқарады.
Алиса Валерьевна медициналық еңбек өтілінің 6 жылын толығымен Абай облыстық қан орталығында өткізді. Ол қанның тексеруін жүргізеді, қанның құрамдас бөліктерінің сапасын бақылауды іске асырады, кәсіпорындағы қауіптерді анықтау, есепке алу және жою жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар, халықаралық BLS, ACLS, PALS және PHTLS стандарттарына сәйкес шұғыл медициналық көмек көрсетуге жауапты дәрігер болып табылады. Оның жұмыс міндеттері кең әрі әртүрлі, кәсіпорында көптеген функцияларды орындауды қамтиды.
Алиса Валерьевна басшылықтың тапсырмаларына жауапкершілікпен қарайды, оларды тиімді және сапалы түрде іске асырады. Оның жұмысындағы ерекшеліктің бірі- кәсіпорынның кәсіподақ комитетінде төрағалық етуі. Кәсіподақ жұмысы мен Абай облыстық қан орталығының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Алиса Валерьевна кәсіподақ ұйымынан және Абай облысының ТОП «Кәсіподақ орталығы» тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.
Алиса Валерьевна, Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы»ШЖҚ КМК сізге, күнделікті еңбегіңіз, өшпес оптимизміңіз және алдыңызда қойылған барлық міндеттерді шешуге дайын болғаныңыз үшін алғыс білдіреді. Сізге бақыт, зор денсаулық, шабыт және барлық игі істеріңізге сәттілік тілейміз!