Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

2025 жылғы 13 қаңтарда Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да жыл сайынғы оқыту жоспарына сәйкес «Info Donor PRO МИС жүйесіндегі конфиденциалды ақпаратты құпия ұстау міндеттемесі» тақырыбында семинар өтті.

Оқыту барысында қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен үзінділермен және конфиденциалды ақпаратпен жұмыс істеу ережелерімен таныстырылды. Семинарда қолжетімділік саясаты талқыланып, конфиденциалды ақпаратқа кімдердің және қандай шарттармен қол жеткізе алатыны анықталды. «Info Donor PRO» МИС жүйесіндегі конфиденциалды ақпаратқа қол жеткізу қызметкердің лауазымына және функционалдық міндеттеріне байланысты көп деңгейлі жүйе арқылы ұйымдастырылған.
Спикер ақпаратты қорғау әдістері, шифрлау, қауіпсіз парольдер және басқа да деректерді қорғау құралдарын қолдану туралы айтып, қызметкерлердің ақпаратты құпия сақтау міндеттемесін және оларды бұзған жағдайда туындайтын салдарларды еске салды. Семинардың соңында қызметкерлердің міндеттері мен практикалық жағдайлар бойынша сұрақ қоюға және талқылауға уақыт бөлінді.

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2025 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика