Акцияға қатысушылар болып «Қазақстан темір жолы» АҚ «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қызметкерлері келді.
Акцияға қатысқан донорлар адамгершілік пен жақсы ізеттерін көрсетіп, шынайы мейірімділіктерін танытты. Донор болу туралы шешім қабылдау шын мәнінде батылдықты талап етеді. Осы қадамның қан құюды қажет ететін науқастар үшін маңызды екенін түсініп, бұл қадамға барғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Абай облысының ДСБ «Облыстық қан орталығы» осы мейірімділік пен адамгершілікке толы атталған қадамдарыңыз үшін «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдіреді. Сіздердің жасаған іс-әрекетіңіз айналаңыздағы адамдарға игі істер жасауға шабыт беріп, басқа адамдарды донор болуға ынталандырады.
Сіздерге донорлыққа қатысуға деген дайындық пен игі ниеттеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Наурыз мерекесі жаңару мен үміт сыйлаудың символы болып табылады, сол себепті сіздерге қуаныш, бақыт және бақ-береке әкелсін. Алдағы уақыттағы акцияларымызға қатысуыңызды күтеміз!
Құрметпен, Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3