«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

2025 жылғы 18 сәуірде Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК базасында терроризмге қарсы қорғану мәселелеріне арналған семинар өткізілді.

2025 жылғы 18 сәуірде Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК базасында терроризмге қарсы қорғану мәселелеріне арналған семинар өткізілді. Іс-шара Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК-ның терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру мәселелері бойынша жоспарына сәйкес жүзеге асырылды және қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет етуге дайындығын арттыруға бағытталды.
Семинар барысында келесі негізгі нұсқаулықтар қарастырылды:
- Жарылғыш затқа ұқсас бөгде күдікті затты анықтау кезіндегі әрекеттер: семинарға қатысушылар күмәнді затты анықтаған жағдайда жағдайды дұрыс бағалау мен тиісті қызметтерге хабарлау тәртібімен танысты.
- Террористік акт жасау немесе басқа да заңсыз әрекеттер қаупі туындаған кезде әрекет ету: мұндай жағдайда орын алуы мүмкін қауіптерден сақтану үшін қандай сақтық шаралары мен тәртіп ережелері сақталуы қажет екені түсіндірілді.
- Кепілге алу жағдайындағы әрекеттер: семинарға қатысушыларға мұндай жағдайда тәуекелді азайту, қызметкерлер мен қан орталығына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары ұсынылды.
- Эвакуация ережелері: семинарға қатысушылар төтенше жағдай кезінде ғимараттан қауіпсіз эвакуацияланудың негізгі қағидаларымен танысты.
Семинар қауіпсіздік деңгейін арттыру мен қызметкерлердің сын сағаттарда сенімді әрекет етуіне септігін тигізетін маңызды қадам болды.

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика