Іс-шараны Астана қаласындағы Трансфузиологияның ғылыми-өндірістік орталығы ұйымдастырып, аралас форматта (онлайн және офлайн) өткізілді.
Ауқымды конференцияға еліміздің түрлі өңірлерінен және алыс-жақын шетелдерден – Ресей Федерациясы, Германия, Швейцария, Қытай Халық Республикасы, Тунис, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен көптеген мамандар мен дәрігерлер қатысты. Бұл оқыту трансфузиялық медицина саласындағы тәжірибе мен білім алмасуға үлкен мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында клиникалық және өндірістік трансфузиологияның өзекті мәселелері мен соңғы жетістіктері талқыланды: донорларды рекрутингтеу тәжірибесі, қан мен гемопоэтикалық дің жасушаларын дайындау, зертханалық диагностика, сақтау және клиникалық қолданудың маңызды аспектілері, трансфузиологиядағы инновациялық технологиялар, дайын өнімнің сапасын бақылау және тағы да басқа көптеген өзекті мәселелер талқыланды.
Конференцияға дәрігерлердің қатысуы олардың кәсіби біліктілігін арттыруға үлкен ықпал етті және бұл, өз кезегінде, алынған білім мен тәжірибені тәжірибелік қызметке енгізуге мүмкіндік береді. Басқа өңірлер мен елдердің әріптестерімен тәжірибе алмасу Қазақстан Республикасындағы медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға және қан қызметін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3