2025 жылғы 18 сәуірде Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлері С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық байқауына қатысты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тіл саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының шешімімен Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК «Үздік сайт» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, Қан орталығының директоры Альжанова Айгүл Бекенқызы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан жеке үлесі үшін атап өтілді.
Қан орталығы қызметкерлері әр түрлі марапаттарға ие болды:
- Сығаева Қымбат Мырзабекқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Тіл жанашыры» төсбелгісімен марапатталды;
- Шаменко Ирина Андреевна «Талаптыға нұр жауар» аталымы бойынша алғыс хатпен марапатталды;
-Тұрсынова Элеонора Төлегенқызы «Үздік тіл маманы» аталымы бойынша алғыс хатпен марапатталды;
-Жақанов Ермек Маратұлы Абай облыстық қан орталығы сайтының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, кәсіпорын қызметкерлерін құрметті марапаттарымен шын жүректен құттықтайды. Бұл жетістіктер – кәсіпорын ұжымында мемлекеттік тілді дамытуда дұрыс бағытта келе жатқанымыздың айқын дәлелі болып табылады және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жетілдіру бағытында жаңа серпін береді.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3