«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню
  • Басты бет
  • Пресс-центр
  • Мақалалар мен сұхбаттар
  • 2025 ж. 28–30 сәуір аралығында «Абай» облыстық № 269900 филиалы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қызметкерлері өңірде донорлық қозғалысты дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспары аясында өткізілген «Мен жауапты донормын» атты донорлық акцияға белсенді қатысты.

2025 ж. 28–30 сәуір аралығында «Абай» облыстық № 269900 филиалы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қызметкерлері өңірде донорлық қозғалысты дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспары аясында өткізілген «Мен жауапты донормын» атты донорлық акцияға белсенді қатысты.

2025 жылғы 28–30 сәуір аралығында «Абай» облыстық № 269900 филиалы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қызметкерлері өңірде донорлық қозғалысты дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспары аясында өткізілген «Мен жауапты донормын» атты донорлық акцияға белсенді қатысты.
Бұл акция қан донорлығының маңыздылығына қоғам назарын аудару, сондай-ақ қан компоненттерінің қорын толықтыру мақсатында ұйымдастырылды. Үш күн ішінде филиал қызметкерлері жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, өз еркімен қан тапсырып, қан құюды қажет ететін науқастарға баға жетпес көмек көрсетті.
Акцияға қатысушылар алдын ала медициналық тексеруден өтіп, донор болуға қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталды. Қан тапсыру процедурасы әдеттегідей білікті мамандардың қатысуымен, қауіпсіз және жайлы жағдайда жүргізілді. Қан орталығының дәрігерлері донор болудың маңызы, донацияға дайындық ережелері және сақтық шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Донорлық акцияға қатысу – бұл тек мұқтаж жандарға көмектесу ғана емес, сонымен қатар азаматтық ұстанымды танытып, қоғам денсаулығына деген қамқорлықты білдірудің көрінісі. Алдағы уақытта да көптеген донорлар осындай шараларға тұрақты түрде қатысуға ниетті екенін білдірді.
«Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Абай» облыстық № 269900 филиалының басшылығы мен донорлық акцияға қатысқан барлық қызметкерлерге алғысын білдіреді. Бұл шара банк ұжымының жоғары корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілігін, ұйымшылдығын көрсетті. Біз банкке өркендеу, ал қызметкерлерге мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, бақыт пен еңбектерінде табыс тілейміз.
Донорлық акциялар өңірдегі қан қорын тиісті деңгейде ұстап тұруға және көптеген адамдардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика