Медициналық қызметкерлердің қолын өңдеу – ауруханаішілік инфекциялардың алдын алудағы маңызды шаралардың бірі. Семинар барысында донорлар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қолды гигиеналық өңдеудің заманауи әдістері мен стандарттары талқыланды.
Екінші семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмысына арналды. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды бақылау. Қатысушылар комплаенс-қызметінің жұмыс қағидаларымен және антикоррупциялық бастамаларды іске асыру жұмыстарымен танысты.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-де тұрақты түрде өткізілетін семинарлар қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу және сақтау — мекеменің табысты жұмыс істеуінің кепілі.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3