«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню
  • Басты бет
  • Пресс-центр
  • Мақалалар мен сұхбаттар
  • 2025 жылғы 6 мамырда Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында «Донор мырза» атты донорлық акция өтті.

2025 жылғы 6 мамырда Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында «Донор мырза» атты донорлық акция өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғам назарын мемлекеттік мереке – Отан қорғаушылар күніне аудару және өңірдегі медициналық ұйымдар үшін қан қорын толықтыру болды. Акцияға 74 адам қатысып, жоғары азаматтық жауапкершілік пен бірліктің үлгісін көрсетті.
Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК барлық донорларға адам өмірін құтқаруға белсене қатысқаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Сіздердің үлгілеріңіз Қазақстанда қоғамдық денсаулықты нығайтуға және донорлық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.
Отан қорғаушылар күні қарсаңында барлық Отан қорғаушыларын мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — нағыз ер жүрек, батыл, қайсар жандардың күні. Сіздерді ерлігіңіз бен Отанға деген сүйіспеншілігіңіз үшін қадірлейміз әрі алғыс айтамыз. Сіздерге және жақындарыңызға амандық, бақыт пен молшылық тілейміз! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бақ-береке болсын!
Құрметті донорлар! Облыстық қан орталығы донорларды жұмыс күндері сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мекенжайымыз: Семей қаласы, Сеченов көшесі, 4/3.

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика