Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектеп» РМК Семей филиалының командалық құрамы, офицерлер мен курсанттар қатысты.
Қатысушылар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, батырлардың ерліктерін еске түсіріп, ардагерлерге Отанға деген сүйіспеншілігі мен бейбіт аспан үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Мерекелік бағдарламада патриоттық әндер мен өлеңдер орындалып, әскери қару-жарақтың оқу экспонаттарының көрмесінің қойылымы көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің заманауи әскери киім-кешегі көрсетілді.
Соғыс жылдарын еске алу барысында бейбітшілік пен еркіндік сыйлаған батырларға деген жылы лебіздер айтылды. Іс-шара тарихи жадымыздың маңыздылығын және бейбітшілік пен тәуелсіздіктің негізін қалаған адамдардың ерлігіне деген құрметімізді еске салатын маңызды оқиға болды.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектеп» РМК Семей филиалына мерекені ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді. Біздің ынтымақтастығымыз әрқашан осындай жылы ниетті, әрі жемісті болсын.
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймыз! Соғыс тек өткен ұрпақтың ерлігін еске салатын әңгіме болып қалсын, ал елімізде әрдайым бейбітшілік пен өркендеу болсын.
Біз есімізде! Біз мақтан тұтамыз!
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3