Бұл күні медбикелерге олардың жоғары кәсібилігі, өз ісіне адалдығы, мейірімділігі мен донорларға деген қамқорлығы үшін шынайы алғыс сөздері айтылды. Қан орталығы мен Абай облысы «Senim» кәсіподағы филиалының басшылығы тарапынан алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Бұл марапаттар орта буын медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбегінің маңыздылығын мойындаудың белгісі болды. Мерекелік атмосфера, көңілді байқаулар мен құттықтаулар барлық қатысушыларға қуаныш сыйлады.
Медбике мамандығы тек білім мен тәжірибені ғана емес, сонымен қатар донорларға күнделікті сезілетін ерекше жан жылуын талап етеді. Олардың трансфузиялық көмек көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі баға жетпес.
Құрметті медбикелер! Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз әрқашан қуаныш, құрмет пен алғыс әкелсін. Сіздерге зор денсаулық, жан жылуы, амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз. Донорлар мен әріптестеріңізге күн сайын көрсетіп жүрген қамқорлықтарыңыз, төзімділіктеріңіз бен мейірімдеріңіз үшін алғыс айтамыз!
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3