«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню
  • Басты бет
  • Пресс-центр
  • Мақалалар мен сұхбаттар
  • 2025 жылдың 30 мамырында Абай облыстық қан орталығының қызметкерлері Семей қаласындағы «AVENUE» сауда орталығында өтеусіз қан және гемопоэзтикалық дің жасушалары (ГДЖ) донорлығын насихаттау мақсатында акция өткізді.

2025 жылдың 30 мамырында Абай облыстық қан орталығының қызметкерлері Семей қаласындағы «AVENUE» сауда орталығында өтеусіз қан және гемопоэзтикалық дің жасушалары (ГДЖ) донорлығын насихаттау мақсатында акция өткізді.

Іс-шараның мақсаты — халықтың донорлықтың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру болды.
Сауда орталығының келушілеріне донор болудың пайдасы, қан тапсыру тәртібі және оның адам өмірін сақтаудағы рөлі туралы ақпарат берілді. Акция барысында ақпараттық буклеттер таратылып, медициналық кеңестер өткізілді. Қатысушыларға тәтті сыйлықтар ұсынылды.
Абай облыстық қан орталығы донор болуға қызығушылық танытып, ниет білдірген барлық азаматтарға алғыс білдіреді. Сіздердің жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын!
Сонымен қатар, акцияны жайлы жағдайда өткізуге мүмкіндік бергені үшін «AVENUE» сауда орталығының басшылығына ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің істеріңіздің өркендей беруіне тілектестік білдіре отырып, сіздерге мықты денсаулық, бақыт және барлық игі бастамаларыңызда табыс тілейміз!

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика