Акцияның мақсаты — қан қорын толықтыру. Банк ұжымы жоғары әлеуметтік жауапкершілік пен жанашырлық танытып, белсенді түрде донор болды.
Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, күнделікті қан компоненттеріне аса мұқтаж жандарға көмектесуге шынайы ниет білдірді.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, Jusan Bank қызметкерлеріне жанашырлығы, мейірімділігі және донорлық қозғалысты дамытуға қосқан үлестері үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Сіздердің өмірлеріңіз осындай жарқын сәттерге толы болсын! Біз сіздерге бақыт, денсаулық, амандық, табыс және өркендей берулеріңізді тілейміз. Есіңізде сақтаңыз: донор болу — өмірлерді құтқаруға көмектеседі!
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3