Кездесу барысында қан мен ГДЖ донорлығына қатысудың маңыздылығы, бұл процедуралардың өмірді құтқарудағы рөлі, сондай-ақ донорлыққа қатысты аңыздар мен шындықтар талқыланды. Қан орталығының дәрігерлері қан донорлығының тәртібі, қан компоненттерін сақтау шарттары және қауіпсіздік ережелері туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел қатысушылары шынайы қызығушылық танытып, болашақта қан донорлығы акцияларына қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Іс-шара жылы, іскерлік атмосферада өтіп, әріптестік байланыстарды нығайтуға ықпал етті.
Кездесуден кейін қатысушылар қан тапсырып, жоғары азаматтық жауапкершілік пен мұқтаж жандарға көмектесуге деген шынайы ниеттерін көрсетті.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, ҚР ІІМ ҚАЖК «21-мекеме» РММ басшылығына және қызметкерлеріне мейірім мен жанашырлық танытып қан донорлығын жүйелі қолдағандары үшін алғыс білдіреді. Сіздерге зор денсаулық, амандық, кәсіби табыстар және бар жақсылықты тілейміз! @duis.abay
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3