Бұл мереке қан донорларымен бірге қан орталығының қызметкерлерін және осы игі іске қатысы бар барлық жандарды біріктірді. Іс-шара аясында тұрақты қан донорларымен қатар жаңадан келген донорлармен бірлесе қатысқан донорлық акция ұйымдастырылды.
Іс-шараның маңызды бөлігі – белсенді, әрі тұрақты қан донорларын марапаттау болды.Қан донорларының көпжылдық шын көңілдері мен мейірімі, жанашырлығы мен ізгі істері үшін алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК, адам өмірін құтқару ісіне үлес қосып жүрген барлық қан донорларына шын жүректен алғыс білдіреді. Сіздерді Дүниежүзілік қан доноры күнімен құттықтаймыз! Сіздердің бөліскен денсаулықтарыңыз бен мейірлеріңіз, жан жылулықтарыңыз өз өмірлеріңізге еселеніп қайтсын!
#ДүниежүзілікҚанДонорыКүні #АбайОблыстықҚанОрталығы
#МенДонормын #РақметДонор #ӨмірСақтапҚал #Донорлық2025
Донор болу – өзгенің өмірін құтқару
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3