2025 жылғы маусым айының алғашқы жартысында Абай облысының ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК базасында донорлық акция өтті. Бұл игі іске "Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері белсене қатысты.
Акцияға қатысушылар жоғары азаматтық жауапкершілік танытып, өтеусіз қан доноры болу идеясына қолдау көрсетті. Олардың үлесі — жай ғана қан тапсыру емес, уақытылы қан компоненттерін құюға мұқтаж адамдарға нақты көмек көрсету.
Абай облысының ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК Департамент басшылығына және қызметкерлеріне осы акцияға қатысқаны, жанашырлығы мен көмек көрсетуге әрдайым дайын болғаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Сіздің игі әрекетіңіз Сізге қанағат, қуаныш, денсаулық және амандық әкелсін!
#АбайОблысыҚанОрталығы #МенДонормын #ДонорлықАкция #ДонорларӨмірСақтайды #ӨтеусізДонорлық #ӨмірСақта
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3