«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

2025 жылғы 17 маусымда Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да Дүниежүзілік медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара аясында мәдени бағдарлама және төсбелгілермен марапатталған қызметкерлерді салтанатты құттықтау рәсімі ұйымдастырылды.
Қан қызметін дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары кәсібилігі және мінсіз еңбегі үшін: Сударикова Светлана Леонидовна – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Махметова Мадина Жұмағалиевна – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Берилова Елена Владимировна – Абай облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының "Алғыс хатымен" марапатталғандар: Петрий Елена Сергеевна, Байбосинова Венера Сертаевна, Жұмақанова Нұргүл Тлеуғажықызы, Сарқұлова Әзиза Қайратқызы.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің "Құрмет грамотасымен" марапатталғандар: Қасенова Назерке Берікқызы, Кенжеболатова Махаббат Әлиханқызы.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша филиалының марапаттау парағымен марапатталғандар: Егимбаева Бақытжамал Есембекқызы, Мусанова Гүлнара Тоқтарханқызы.
Салтанатты көңіл-күй, шынайы алғыс сөздері мен лайықты марапаттар әрбір медицина қызметкерінің еңбегінің маңыздылығын мойындаудың көрінісі болды.
Абай облысының ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК өз әріптестерін мақтанышпен құттықтайды және барша медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, табыс пен кәсіби жетістіктер тілейді!

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика