Дүниежүзілік қан донорының күнін атап өту аясында Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да қан донорлығы тақырыбына арналған балалардың сурет көрмесі өтті.
Кішкентай суретшілер өз жұмыстары арқылы донорларға алғыстарын білдіріп, жақыныңа көмектесудің маңыздылығын және аман қалған өмірдің құндылығын сурет арқылы жеткізе білді. Әр сурет — бұл балалардың ерікті әрі өтеусіз донорлыққа деген шынайы көзқарастары.
Көрмеге қатысқан барлық балаларға естелік сыйлықтар табысталды. Олардың шығармашылығы Қан орталығының ерекше сәніне айналып, жылулық, мейірімділік пен шабыт атмосферасын сыйлады.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК жас суретшілер мен олардың ата-аналарына белсенділігі мен донорлық қозғалысты қолдағандары үшін алғыс білдіреді!
#ДонорКүні2025 #АбайОблысыҚанОрталығы #Донорлық #БалаларЖәнеДонорлық #ДонорларғаРахмет #СуретКөрмесі.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3