«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

«Үздік қан қызметі»

2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыру тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ұйымдастыруымен денсаулық сақтау ұйымдары арасында «Сапалы құжат айналымы: ұлттық стандарттарға негізделген құжаттама» атты республикалық байқау өткізілді. Аталған байқауға Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлері де қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Абай облысының Облыстық қан орталығы «Үздік қан қызметі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, кубок және I дәрежелі дипломмен марапатталды. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға қосқан зор үлесі үшін Облыстық қан орталығының директоры Альжанова Айгүл Бекенқызы мен байқауға белсене қатысқан қызметкерлер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің алғыс хаттарымен марапатталды:
* Сығаева Қымбат Мырзабекқызы;
* Тұрсынова Элеонора Төлегенқызы;
* Жақанов Ермек;
* Тортбаева Мәншүк Жүрсінханқызы;
* Огнёва Валентина Владимировна.
Абай облысы “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК іс-шара ұйымдастырушыларына алғыс білдіре отырып, ұжымды «Үздік қан қызметі» номинациясы бойынша жеңісімен құттықтайды. Мұндай жоғары деңгейде атқарылған еңбектің мойындалуы – байқауға қатысушылардың бірлескен жұмысының, кәсіби шеберлігінің, құжаттаманы сапалы жүргізуге деген ұқыпты көзқарасының және ұлттық стандарттарға сай жұмыс істеуінің нәтижесі. Бұл жетістік ұжымды жаңа белестерді бағындыруға шабыттандырсын!

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика