Сапардың мақсаты — Қан орталығының қызметімен танысып, өңірдегі қан қызметін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды. Қан орталығының директоры Альжанова Айгүл Бекенқызы мекеменің қазіргі жағдайы, ұжым жетістіктері, медициналық қызмет сапасын жақсарту және жаңа технологияларды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Әсіресе, Қан орталығы белсенді түрде қатысып жатқан гемопоэтикалық дің жасушаларының Ұлттық донорлар тізілімін дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Айнұр Серікпаевна мекеменің қызметімен, материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ халықты сапалы әрі қауіпсіз донорлық қанмен қамтамасыз етуге бағытталған өзекті міндеттермен танысты. Депутат орталық қызметкерлеріне маңызды еңбектері үшін алғысын білдіріп, қан қызметін мемлекеттік деңгейде тұрақты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Сапар аясында өңір үшін ең басты маңызды жаңалық — Облыстық қан орталығының жаңа ғимаратын салу жоспары айтылды. Бұл қан компоненттерін дайындау, өңдеу және сақтау үшін заманауи жағдайлар жасауға, логистиканы жақсартуға және донорлар үшін қауіпсіздік пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, Арғынбекова Айнұр Серікпаевнаға өңірдегі қан қызметін дамытуға және халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында заң шығару билігімен өзара іс-қимылды нығайтуға бейжай қарамай, қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысын білдіреді.
#ҚанҚызметі #АйнұрСерікпаевна #ДепутатСапары #ҚанДонорлығы #ПарламентБізбен #АбайОблысыҚанОрталығы
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3