«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню
  • Басты бет
  • Пресс-центр
  • Мақалалар мен сұхбаттар
  • 2025 жылғы 19 қыркүйекте Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК базасында Гемопоэздік дің жасуша донорының халықаралық күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

2025 жылғы 19 қыркүйекте Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК базасында Гемопоэздік дің жасуша донорының халықаралық күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Құрметті қонақ ретінде іс-шараға шын мәнінде гемопоэздік дің жасуша (ГДЖ) доноры қатысты. Оның қайырымдылығы, батылдығы мен мейірімділігі Қан орталығының алғыс хатымен атап өтілді. Бұл кездесу өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлкен үлгі болды.
Іс-шара аясында 5–11 сынып оқушылары арасында өткізілген балалар сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ашық онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша 10 үздік жұмыс анықталып, олардың авторларына естелік сыйлықтар, жылы лебіз жазылған грамоталар табыс етілді.
Әсіресе, ГДЖ донорының өзі балаларға грамоталарды тапсырып, оларды өз мысалымен шабыттандырған сәт көпшіліктің ықыласына бөленді.
Салтанатты шарадан кейін балалар үшін Қан орталығы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Балалар донация үдерісін қызығушылықпен бақылап, сұрақтар қойып, донорларды тексеру қалай өтетінін, қан тапсыру қалай жүргізілетінін және қан компоненттері қайда сақталатынын білді.
Абай облысы Қан орталығы байқауға қатысқан барлық балаларға, ата-аналар мен ұстаздарға белсенділік, шығармашылық және донорлық тақырыпқа көрсеткен қамқорлықтары үшін алғыс білдіреді.
Құрметті балалар! Әлемге мейірім, қайырымдылық пен көмек қолын созуға дайын болу ниетін тарата беріңіздер. Ер жеткен соң — міндетті түрде қан тапсыруға келіңіздер. Донор болу — адам өмірін сақтап қалуға апаратын жол.

#ГДЖДонорКүні #МенДонормын #АбайОблысыҚанОрталығы #DonorKZ #ӨмірСақта #ГДЖДонорлығы #ГДЖ2025

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика