«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

2025 жылғы 31 қазанда Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК базасында медицина қызметкерлеріне арналған ақпараттық-білім беру іс-шарасы өтті.

Абай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикасы және эпидемиологиясы тақырыбында семинар өткізді.
Кездесу барысында Қан орталығының қызметкерлеріне вирустың берілу жолдары, қауіп топтары, АИТВ ге тестілеу мен емдеудің заманауи тәсілдері туралы өзекті мәліметтер ұсынылды. Әсіресе, медицина қызметкерлерінің кәсіби жұқтыруының алдын алу және төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекет алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.
Спикерлер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, биологиялық материалмен қауіпсіз жұмыс жүргізу және қауіпсіз трансфузиялық терапияны қамтамасыз ету маңыздылығын еске салды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, қызметкерлер белсенді түрде сұрақтар қойып, тәжірибелерімен бөлісті.
«Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК әріптестеріне мазмұнды дәрістері мен нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғысын білдіреді.
#АбайОблысыҚанОрталығы #АИТВ АлдынАлу #ҚауіпсізДонорлық
#МедицинаБілімі #ҚанҚызметі

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика