«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

2026 жылғы 19 наурызда Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК-да шуақты Наурыз мейрамына орайластырылған донорлық акция өтті.

Наурыз — жаңа бастаудың, жаңару мен бірліктің символы, сондықтан бұл күні көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің маңызы зор. Көптеген адамдар үшін бұл акция өмірді сақтап қалуға өз үлесін қосуға және азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік берді.
Іс-шараға «Студент-донор» қоғамдық ұйымының студенттері мен қан тапсыруға шын жүректен ниет білдірген қала мен облыстың ондаған тұрғыны қатысты. Өткізілген акцияның арқасында Абай облысының медициналық ұйымдарындағы пациенттердің өмірін сақтауға қажетті донорлық қан қоры толықтырылды.
Ризашылық белгісі ретінде донорларға естелік кәдесыйлар табыс етілді. Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК «Студент-донор» ұйымына және барлық акция қатысушыларына алғыс білдіреді.
Сіздерге денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілейміз. Шуақты Наурыз мейрамы жүректеріңізге махаббат, мейірім мен жылулық сыйлап, игі істерге шабыттандырсын. Наурыз мейрамы құтты болсын!
#АбайОблыстықҚанОрталығы #РақметДонор #Акция #НаурызМейрамы #Семей

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика