«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

2026 жылғы 12 маусымда Абай облыстық қан орталығында Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күн осы аймақтың өмірді құтқаруға көмектесуге  бейжай қарамайтын тұрғындарының басын қосты.Таңертеңнен бастап Қан орталығының есігі донорлар үшін ашық болды. Мерекелік атмосфера, шынайы  жасалып жатқан игі істің маңыздылығын түсіну ерекше қуат сыйлады. Қан тапсырғысы келетіндердің ағыны Абай облысында жүрегі жылы, мейірімді жандардың тұратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.Мерекенің басты сәні Абай облысындағы қан донорлығының тарихы мен дамуына арналған көрме болды. Келушілер бірегей жәдігерлермен және қазіргі заманғы трансфузиологияның жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алды.Қан қызметінің табысы мен адам өмірін құтқару — бұл ауқымды командалық жұмыстың нәтижесі. Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК бірлескен кешенді жоспарды іске асыру аясында донорлықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсеткені, стратегиялық пайымы мен белсенді қатысқаны үшін Абай облысының әкімдігіне және Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасына шынайы алғысын білдіреді.Биыл Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған іс-шара серіктестер мен демеушілер: «Ейра мед», «Азия мед», «Оптоник», «AUM+» компаниялары, «Биосфера» дәріханалар желісі және «Банк ЦентрКредит» АҚ қолдауымен өтті. Олар мерекені дайындау мен өткізуге баға жетпес көмек көрсетті. Донорлық қозғалысты қолдауға қосқан бұл үлес — жоғары әлеуметтік жауапкершілік пен шынайы адамгершіліктің жарқын үлгісі.Құрметті донорлар! Сіздер — осы күннің және Қан орталығының әрбір жұмыс күнінің басты кейіпкерлерісіздер. Сіздердің қандарыңыз — бұл балалар мен ересектердің құтқарылған өмірі, бұл емделушілерге сыйланған үміт пен сауығып кету мүмкіндігі. Азаматтық ұстанымдарыңыз, мейірім және адалдықтарыңыз және ең құнды нәрсемен бөліскендеріңіз үшін рақмет.Қан тапсырыңыз — өмірді құтқарыңыз!#ДүниежүзілікҚанДонорыКүні#Донорлық#АбайОблысы#ДонорКүні#ЖақсылықЖаса

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
+7 (7222) 42-37-65
Яндекс.Метрика