Мейірбикелердің жұмысы өте маңызды, өйткені олар дәрігерлер тағайындаған іс- шараларды жүзеге асырады. Мейірбике-дәрігердің басты тірегі. Құрметті біздің мейірбикелеріміз, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Біз сіздерге әрқашанда қажырлы еңбектеріңіз үшін шын көңілден алғыс айтқымыз келеді. Осы игі мамандықты таңдағандардың бәрі лайықты марапатқа ие бола берсін! Сіздерге бақыт, денсаулық, қуаныш және жылулық тілейміз!