22 мамырда «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ-да студенттерге гемопоэтикалық дің жасушаларының донорлығы туралы дәріс өткізілді. Дәрістен кейін 9 студент өз еркімен гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының тізіліміне қосылды.
Студенттерден бөлек 22 және 29 мамыр күндері Абай облысы ДСБ Облыстық қан орталығында еріктілер гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының тізіліміне кірді.
Нәтижесінде 21 адам сүйек кемігінің әлеуетті донорларының қатарына қосылды.
Сүйек кемігінің HLA типтелген әлеуетті донорлары тіркелімін құру - кейбір жағдайларда онкогематологиялық науқастарға тиімді көмек көрсетудің жалғыз түрі болып табылатын сүйек кемігін трансплантациялауды дамытуға бағытталған заманауи әлемдік тренд.
Сүйек кемігінің әлеуетті донорларының тізіліміне кірген донорларға шын жүректен алғыс білдіреміз.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3