3-4 маусымда Семей қаласында Абай облысының құрылуына және Медицина Қызметкерлері күніне арналған медицина қызметкерлерінің алғашқы спартакиадасы өтті. Абай облысы ДСБ Облыстық қан орталығының қызметкерлері спартакиадаға қатысты.
Спартакиада бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші күні-3 маусымда Спартак стадионында әйелдер арасында эстафета өтті. Екінші күні - 4 маусымда “Семей медицина университеті” КЕАҚ базасында үстел теннисі мен шахматтан жарыстың екі кезеңі жарыс өтті.
Жарыстар өте қызықты және эмоцияға толы болды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер дипломдар, кубоктар және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Спартакиаданың барлық қатысушылары сергектік пен жақсы көңіл-күйге ие болды.
Спартакиадаға белсенді қатысқаны, ынтымақтық сезімі және жеңіске деген ерік-жігері үшін қызметкерлерімізге зор алғысымызды білдіреміз! Сізге денсаулық және сергектік тілейміз!
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3