«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БҮГІН БІЗДЕ ДОНОР КҮНІ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ӨТУДЕ. Біз облыс тұрғындарымен бірге болған оқиғаға қатты қайғырамыз.

Дүниежүзілік қан доноры күні жыл сайын бүкіл әлемде 14 маусымда атап өтіледі. ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БҮГІН БІЗДЕ ДОНОР КҮНІ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ӨТУДЕ. Біз облыс тұрғындарымен бірге болған оқиғаға қатты қайғырамыз.
14 маусым австриялық дәрігер және иммунолог Карл Ландштейнердің (1868-1943) туған күніне орайластырылған, ол 1930 жылы физиология және медицина бойынша адамнан қан топтарын ашқаны үшін Нобель сыйлығымен марапатталған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы ресми түрде бекіткен жыл сайынғы іс-шара ретінде бұл күн бүкіл әлемдегі ерікті қан донорларына құрмет көрсетуге, адамдарға өз қанын бергені үшін алғыс айтуға және бүкіл әлемнің назарын қауіпсіз қанға жалпыға бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың біріне аударуға ерекше мүмкіндік береді.
Әрбір қан тапсыру- өмірді сақтайтын қымбат сыйлық, ал бірнеше рет донор болу — қауіпсіз қанның жеткілікті қорын қамтамасыз етудің кілті.
Жыл сайын Абай облысының қан орталығына 10 000-ға жуық донор келеді, әр түрлі қан компоненттерінің 16 500 мың дозасы дайындалады. Қазіргі кезде донорлық қан компоненттеріне сұраныс жоғары.
2020-2022 жылдары қан орталығы ана мен бала, кардиохирургия, онкогематология және травматология бағыттары бойынша қанның барлық компоненттерінің 36700-ден астам дозасын берді. Компоненттердің көп бөлігі шұғыл жағдайда шығарылады.
Қазіргі таңда барлық медициналық ұйымдар құю үшін қанмен және оның компоненттерімен қамтамасыз етілген. Қан қорларының болуына қарамастан, еліміз үнемі донорлық қан банкін толықтыруды қажет етеді.
Қорларды қажетті деңгейде ұстап тұру үшін күн сайын қан орталығына кемінде 50 адам келуі керек. Бір донор үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Бүгінде Қазақстанның әрбір азаматы донор болуға қарсы көрсеткіш болмаса өтеусіз донорлар қатарын толықтыра алады, адам өмірін сақтап қалу үшін қан тапсыра алады. Біз бүгін және күн сайын қан тапсыратын әрбір донорға алғысымызды білдіреміз. Қаныңызды беру арқылы сіз тек жақсылық жасамайсыз, сіз біреудің өмірін сақтап, осы әлемге мейірім сыйлайсыз! Сіздердің өмір жолдарыңыз ұзақ әрі қуанышты болсын, барлық адамдарға жақсылық пен үлгі болсын!

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика