Науқанның идеясы-Абай облысында донорлыққа барынша көңіл бөлу, сонымен қатар, бей-жай қарамайтын жаңа адамдарды тарту. Өйткені, осындай науқандардың арқасында дәрігерлерге адам өмірін сақтап қалу үшін қажет сирек кездесетін қан топтарын табуға болады.
Өз қанын қанға мұқтаж адамдармен бөлісуге 60-тан астам адам ниет білдірді. Іс-шараны өткізу барысында донорлар барлық қажетті медициналық және зертханалық тексерулерден өтіп, Абай облысының медициналық мекемелеріне жіберілетін қанды тапсырды. Науқанға қатысқан барлық донорларға естелік кәдесыйлар табысталды.
Донорлық қан адамды құтқарудың жалғыз құралы болып табылады, сондықтан донорлық әрқашанда сұранысқа ие болған және болады да.
Бізбен бірге жақсылық жасауға уақыт табатын барлық адамдарға алғыс білдіреміз. Донор болу қиын емес! Қосылыңыз!
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3